13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home 13KZTV

Ұрқпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!

6 мая, 2021
in 13KZTV
0
Ұрқпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлы Отан соғысының аяқталып, Жеңіс туының желбірегеніне биыл – 76 жыл!

Ал майдангерлер мен тыл еңбеккерлері үшін соғыс әлі де болса жалғасуда, олар оны күндерінің соңына дейін еске алады. Бұл олардың «жұлдызды сәті» болған, болып қалады да, себебі олар адам сенгісіз қиындықтарға, аштық пен суыққа, қан төгіс пен қорқынышқа төтеп беріп, жеңіске жетті және елді фашизмнен құтқарды.

Бүгінде өмір сүріп жатқан майдангерлердің басым көпшілігі үшін бұл отты жылдар – жақын немесе алыс тарихи бір белес болып табылады.

Әділетті соғыста, әрбір сарбаз өз Отанын қорғаған кезде оның санасында ерекше рухани өрлеу, патриоттық сезім, отбасына деген сүйіспеншілік пен нәзіктік сезімдері жоғарылай түседі. Мұның бәрі үлкен сынақ жылдарында болған жағдайлар және мұны ұмыту мүмкін емес.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап, Отаны қымбат болған әрбір тұлға өзін сол отанның азаматы ретінде ұғынып, елінің тағдыры өзінің қолында екенін сезінген. «Азаматтық сезімнің қарқындылығын, біз, өкінішке орай, бұрын-соңды бастан кешірмедік» – дейді ардагерлер. Яғни сол патриоттық сезімдерде ғана біздің Жеңістің кепілі болды.

Ұлы Отан соғысы – ең үлкен трагедия және халықтың жанқиярлық ерлігі мен өлмес символы ретінде ұрпақтың жадында мәңгі сақталады, демек, ол әрдайым ғылыми және көркемдік түсініктерді пәні болып табылады.

Жауынгерлік ерлігі үшін жүз мыңдаған қазақстандықтар медальдармен және ордендермен марапатталды, олардың көпшілігі Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Әскер қатарына тікелей Оңтүстік-Қазақстаннан 141 мың аса сарбаздар мен офицерлер шақырылған.

Жүздеген мың эвакуацияланған адамдар біздің облыста тамақ тауып,  баспаналы болды. Ал жарақат алғандар Шымкенттегі госпитальдарда денсаулықтарын тіктеді.

Елдің барлық экономикалық аудандары, сол кездегі КСРО-ның барлық ұлттары мен ұлыстары неміс-фашистік басқыншыларының шапқыншылығына қарсы титаникалық күреске қатысты. Соғыс халықтан ең көп күш жұмсауды және ұлттық ауқымдағы орасан зор құрбандықтарды талап етті, кеңес халқының төзімділігі мен батылдығын, Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан бола білу қабілетін ашты. Соғыс жылдарында ерлік кең етек алып, кеңес халқының мінез-құлқының нормасына айналды. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске кеңес халқы өздерінің керемет күш-жігерінің, берілгендігінің, тапқырлығы мен жанқиярлығының арқасында қол жеткізді.

Қазіргі уақытта, өкінішке орай, майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлер мен қаһармандар барған сайын азая түсуде.Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Келешек үшін, дүние жүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.

Бұл ретте, әскери-патриоттық рухты дамыту және тәрбиелеу, сонымен қатар Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу мақсатында, Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалаудағы әскери бөлімдер мен мекемелердегі әскери қызметшілер арасында конкурстар, әскери-спорттық жарыстарды тұрақты түрде ұйымдастырады. Онда Шымкент қаласы мен Түркістан облысында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердегі әскери қызметшілердің құрамындағы топтар құрылып, жарыстар мен конкурстарда жеңіске жеткен ең үздік топтар мен тұлғаларға сыйлықтар үлестіріледі.

Одан бөлек, Шымкент гарнизонының әскери прокуратура қызметкерлері жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі үшін зор алғысын білдіріп, гүл шоқтарын және естелік сыйлықтарын тапсырады.

«Ер өлсе де еңбегін ел өлтірмес. Неше мың жыл өтсе де де тарих білмек»,- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ата-бабаларымыз бен апаларымыз естен шықпайды, ұмытылмайды, олардың ерліктері алтын әріптермен тарихта жазылды. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз!

Мырхозиева Р.

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға маманы                                                                                 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоныҰлы Жеңіс күніәскери прокуратура
Previous Post

«Шымкент барысы» анықталды

Next Post

Шымкент көшелерінде үздік сарбаздардың бейнелері ілінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі