Шымкентте қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу өтіп жатыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін 30 жуық спортшылар күш сынасуда.
Қатысушылар құрамында ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер спортшылар қатысуда.
Жарыстың қорытындысы бойынша үздік 1-2 орынға ие болған спортшы палуандар 1-5 шілде күндері Нұр-сұлтан қаласында қаламыздың намысын қорғамақ.