13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үй сертификаттарын тапсыру жоспарлануда

300 азаматқа 1 млн теңгелік тұрғын үй сертификаттарын тапсыру жоспарлануда

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы жергілікті бюджет есебінен бөлінген жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайтын, әр азаматқа 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификатын беруді жоспарлап отыр. Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек.

Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алыну барысында және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде беріледі.

Тұрғын үй сертификаты үміткер тұлға, яғни өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесінде (жұбайы, зайыбы, кәмелетке толмаған балаларына) заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткіштен аспайтын (106 336 теңге) cоңғы алты ай ішінде еңбек және кәсіпкерлік қызметтен орташа табысы болған жағдайда беріледі. Бұл қатарға зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы, және де өзге де міндетті аударымдар кірмейді.

Тұрғын үй сертификатын алуға Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар қатыса алады.

Тұрғын үй сертификатына қажетті құжаттар тізіміне нысан бойынша өтініш, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат, соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама, жұмыс орынан анықтама, қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің соммасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты кіреді.

Тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау мамыр айына жоспарлануда. Алдын-ала БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарланатын болады. Айта кетерлігі, биылдан бастап «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойнша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы тиіс.

Тұрғын үй сертификаты 2019 жылы 21 азаматқа жалпы сомасы 20,4 млн теңге, 2020 жылы 101 адамға жалпы сомасы 100 млн теңге көлемінде берілген болатын. Биыл бұл көрсеткіш соммасы едәуір артып отыр. Сертифат бойынша барлық сұрақтар: 8 (7252) 56 62 89

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан: 140 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Next Post

Шымкентте жол кептелісін азайту мақсатында оң жақ өткелдер салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі