13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Гір көтеруден созақтық спортшы азия чемпионы атанды

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Гір көтеруден созақтық спортшы азия чемпионы атанды
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сары құрлық елдерінің таңдаулы балуандары қатысқан чемпионатта ересектер арасында гір көтеру спортынан 73 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Қобыланды Орынбасаров алтын медальді иеленді. Сонымен қатар Орынбасаров Азия чемпионатында «Ең үздік спортшы» номинация иегері атанып, үздік белбеу мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Өзбекстанның  астанасы Ташкент қаласында гір көтеру спортынан ерлермен әйелдер және жастар арасында кезекті Азия чемпионаты өтті.

Жастар арасында күш сынасып, жарыста барлық қарсыластарын ұтқан  үздіктер арасында еліміздің дарынды спортшысы, созақтық жас спортшы Ердос Рысбек 63 келі салмақ дәрежесінде жəне 95 келі салмақта ел намысын қорғаған  Нұрлыбек Шекербек те бар. Дүбірлі жарыста 63 келі салмақ дәрежесінде күш-жігерін көрсеткен Нұрсұлтан Сабыр, 68 келі салмақ дәрежесіндегі Бақытжан  Тұрғанбай күміс медаль алды. Сондай-ақ, осы  додада қоссайыс бойынша талантты созақтық спортшы 95 келі салмақта сынға түскен Ерболат  Ахмет күміс жүлдені иеленсе,  əуесқойлар арасында ұзын циклді көтеруден өңірімізден барған Тұрсынбай Оралхан қола жүлдегер атанды.

Ал, жастар арасында ұзын циклді көтеруден бақтарын сынаған  Ердос Рысбек пен Нұрлыбек Шекербек Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты.

Азия чемпионатында тағы да бір  жерлесіміз Нұрсұлтан Сабыр күміс жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, әуесқойлар арасында ұзын циклді көтеруден Серік Жандос алтыннан алқа тақса,   Оңалбай Алмас күміс медаль еншіледі. Қола медальді Баби Орынбасар мен Әбдінаби Асылжан қанжығаға байлады. Жеңімпаз саңлақтарды спорт өнеріне баулып келе жатқан Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спортшы  ізденімпаз жаттықтырушы Мұрат Серікбаев пен Бақтан Тұрсынбаевтың еңбектерін айта кеткеніміз жөн.

 

Previous Post

Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

Next Post

Түркістан: 140 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі