13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда 50 отбасы баспаналы болды

1 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Мақтааралда 50 отбасы баспаналы болды
Share on FacebookShare on Twitter

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мақтаарал ауданында аз қамтылған көпбалалы 50 отбасы баспаналы болды. Аудан әкімі Бақыт Асанов «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында сатып алынған жаңа үйлердің кілттерін тұрғындарға ресми түрде табыстады.

«Бұған дейін Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген мөлтек ауданнан кезекте тұрған 16 отбасыға үй берілген еді. Міне, бүгін аз қамтылған көпбалалы отбасылардың қуанышына ортақтасып отырмыз. Біз алдағы уақытта Мырзакент кентінен көпқабатты тұрғын үйлерді салуға кірісеміз. Осылайша, үй кезегінде тұрған мақтааралдықтардың мәселесін жыл сайын шешіп отыратын боламыз. Ендеше, жаңа баспаналарыңызда тек қана қуаныш, тойлар болсын!» — деді Бақыт Насырханұлы.

Аталған жаңа үйлер А.Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл ауылында, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ырысты ауылында, Еңбекші ауылдық округі Шұғыла ауылында және Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылдарында орналасқан.

Жаңа үйлердің әрбірінде кіреберіс дәліз, 3 жатын бөлмесі, 1 асхана және жуынатын бөлме (санузель) бар. Үйлер толықтай жылу жүйесімен, салқын және жылы сумен қамтылған.

Айта кетейік, алдағы уақытта Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған жаңа мөлтек ауданнан 5 қабатты 14 тұрғын үй, яғни 740 пәтер салыну жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті онлайн тапсырушылар қатары артты

Next Post

ІІМ: Вакцинациялау ерікті негізде жүргізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі