13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР 15 МАУСЫМНАН БАСТАП ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

3 июня, 2020
in Cаясат, Денсаулық
0
ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР 15 МАУСЫМНАН БАСТАП ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің жаңа қаулысы негізінде біршама шектеулер жеңілдетіліп, әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Мәселен, биыл лагерьлерге оқушыларды қабылдау 15-30 маусым аралығында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлім етті.

Оның айтуынша, биылғы жаз мезгілінде қала сыртында 23 сауықтыру лагері жұмыс істейді деп жоспарланған. Оның ішінде 8-і мемлекеттік, 15-і жеке меншік. Биыл облыс бойынша 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны – 416 086 оқушыны құрайды. Өңірдегі 23 сауықтыру лагері 32 мыңнан астам баланы қабылдайды.
«Түлкібас ауданындағы «Самал»лагерінде облысымыздағы 5 балалар үйінің жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 250-ге жуық тәрбиеленушілері жаз бойы демалады. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай орын алған елді мекендердегі 820 оқушы 15 күннен жазғы демалысқа барады. Олар «Балдәурен-Қапшағай» және «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығына, «Сарыағаш» балалар санаторийіне, аудандардағы «Балдәурен», «Қазығұрт», «Бәйшешек», «Еркежан» сауықтыру лагерьлеріне барады», — деді Рақымбек Қуатбекұлы.
Сонымен қатар, басқарма басшысы облыстағы балабақшалар тек ата-аналардың сұранысы мен өтініші негізінде іске қосылатынын айтты.
«Биыл облыста 2020 жылдың 20 наурызына дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеді. Оның ішінде 1271 балабақша, 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153 296 бала тәрбиеленуде. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 69%-ы жекеменшік. Қаулынының №9 қосымшасында мектепке дейінгі ұйымдарда ата-анасының міндетті жұмыста болуы шарт және балаларына қараушысы жоқ отбасылар үшін жұмыс істейтін кезекші топтарды ашу және кезекші топтармен жұмыс жасау алгоритмі көрсетілген. Сондықтан балабақшаларда кезекші топтар ашылуы мүмкін», — деді басқарма басшысы.
Айта кетерлігі, мектепке дейінгі ұйымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде қашықтан жұмыстарын жалғастыруда, ал, кейбірі өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫН

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР МЕН НЫСАНДАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі