13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

29 апреля, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бекмұратовтың мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекке 2021 жылға бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінген (республикалық – 12,5 млрд теңге, жергілікті бюджет – 955,7 млн теңге).

Жыл басынан бері 34 862 отбасыға (172 089 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 4,8 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, 1-6 жас аралығындағы 34 193 баланы кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге 2021 жылға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге қарастырылған. І тоқсанда аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік топтамамен қамту бойынша 57 346 бала азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Жалпы атаулы көмек түрі азаматтардың аяққа тұрып кету үшін берілетінін, тұрақты түрде көрсетілмейтінін атап өткен жөн.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы аясында 5 885 адам жұмыспен қамтылды

Next Post

Шымкент: Қарағаш көшетінің 87 мың данасы егілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі