13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскерилер арасында эстафета өтті

29 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскерилер арасында эстафета өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында әскери-спорттық эстафета өтті. Іс-шараның бастамашысы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі болды.
Спорттық мереке жеке құрамның жалпы сапынан басталды, алғашқы сөзді әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының командирі полковник Орынбасар Жұбанов алды.
— Біздің бейбіт аспанымыз, ардагерлеріміздің арқасы. Олар ұрпақтарына бейбітшілік сыйлау үшін өмірлерін қатерге тікті. Біздің міндетіміз – бейбітшілікті сақтау. Сондықтан әрбір әскери қызметшінің борышы – әскери істе пайдалы болатын нәрселерді үйрену, — деп атап өтті командир.
Жүлдеге 6 команда таласты. Эстафетаның кезеңдері: жүгіру, граната лақтыру, гір көтеру, пневматикалық мылтықтан нысананы ату, зембілде жаралыларды тасымалдау және жүк көлігінің дөңгелегін жылжыту.
Мұндай әскери-спорттық жарыстар жеке құрамның дене дайындығы деңгейін арттыруға және әскери ұжымдарда бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі  

Next Post

Шымкент: Рота сержанттары кәсіби біліктілігін арттыруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі