13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІНЕ КӨРШІ ОБЛЫСТАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА

3 июня, 2020
in Cаясат, Технология, Қоғам
0
ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІНЕ КӨРШІ ОБЛЫСТАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының аумағында «Азық-түлік белдеуін қалыпастыру аясында іске асып жатқан жобалармен» танысты. Жаңбырлатып суару әдісін ендіруге бел буған «Ынтымақ агро XXI» ЖШС-і 782 га жерге бидай мен жүгері егуді қолға алған. Аймақ басшысы жас мамандарды жұмысқа тартып, жаңа жобаны жүзеге асырып жатқандардың беталысына оң баға берді.

«Түркістанның айналасына каналдар қазылып, су келді. Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген шаруалардың қатары көбейгені қуантады. Аптап ыстықта ырысын қара жерден іздеген шаруалар мезгілі жеткенде бейнетінің зейнетін көреді. Осылайша біз қалада «Азық-түлік белдеуін» қалыптастырамыз. Жаппай жүргізілген «Жасыл белдеу» шаңды жел мен дауылдан қорғану үшін табиғи тосқауыл ретінде жасалуда. Жасыл желекке бөленіп, қаладағы ауаны тазартып, климатты жұмсартады», – деді шаруалармен кездескен өңір басшысы.

Түркістан даласына тіршілік көзі су келіп, кең алқаптардың арнасы кеңігелі бері жерді тиімді пайдалануға аудан тұрғындары ғана емес, көрші өңірлер де қызығушылық танытып отыр. Облыс әкімімен кездескен шаруалар жаңбырлатып суару тәсілінің артықшылықтарын түсініп, қыр-сырымен танысуға Жамбыл облысының сала мамандарының арнайы келгенін жеткізді. Жаңа технологияның тиімділігін пайдаланып, дала төсінде еңбек етіп, нәсібін кәсіптен тауып жүрген шаруа қатары көбеймек.

«SPK-SAURAN» АШӨК жаңбырлатып суару технологиясын 650 га жерге ендіріп, 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын салуды қолға алған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жергілікті шаруалар ақылдаса келе, ауыл шаруашылығы кооперативін құруда. Олар арық қазып, су әкелудің тиімсіз екенін түсініп, АҚШ-тан жаңбырлатып суару қондырғысын алдыртып жатыр. Арыс – Түркістан каналы арқылы су бірнеше жүйемен келеді. Үлкен бассейн салынып, қондырғыларға құбыр арқылы су құйылып тұрады. Осылайша агрономдар суды 3 есе үнемдейді.

Техниканың құрын 50%-ын мемлекет субсидия ретінде төлеп береді. Мыңдаған гектар алқап сусыз қуарып, осы уақытқа дейін бос жатқан жерлерді қайта жандануынан Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуі құрылды. Кешенді жоспар бойынша қала маңында 63 млрд. теңгенің 7 ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

МАҚТААРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі