13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте интернеттің сапасын арттыратын базалық станциялар орнатылмақ

Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтитын 14 базалық станция орнату жоспарлануда.   

27 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте интернеттің сапасын арттыратын базалық станциялар орнатылмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 200 мың жеке сектордың 51 мыңы «Қазақтелеком» АҚ арқылы интернет қызметіне қосылған. Сондай-ақ, 1985 көпқабатты үйдің 1690-ы оптикалық желіге қосылып, бұл көрсеткіш 86 %-ды құрады. Қалалық Цифрландыру басқармасы тарапынан тұрғындарды интернетпен қамту бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда.

«Қазақтелеком» АҚ жыл сайын желілерді дамытуға және құрылыс жұмыстарына ауқымды инвестиция салуда. 2021 жылы қалада Шымсити, Көкжайлау, Тұлпар, Жас отау, New City шағынаудандарда, барлығы 3648 портты қосатын желі құрылысын жүргізу жоспарлануда (512 млн. теңге).

Компания жеке сектордағы халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін 2 жобаны іске асырып отыр. Атап айтқанда, FWA технологиясы бойынша Шымкент қаласында 14 базалық станция орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтар сатып алынып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1 базалық станция пилоттық режимде жүзеге асырылды. Жоспар бойынша 4800 абонент қамтылады. Бірінші кезеңде Самал-3 және Ақниет шағынаудандарын қамту басты назарда. Инвестиция құны – 186 млн теңге.

Сонымен қатар, Wi-Fi технологиясы бойынша «SNP Telecom» ЖШС Самал-1, Самал-2, Самал-3, Бозарық, Асар, Нұртас, Құрсай, Тассай, Тұран, Таскен, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Пахтакор-1, Пахтакор-2 шағынаудандарында жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қайнар» іскерлік орталығында радиусы 10 шақырым болатын базалық станцияларды орнатты.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустан 50 адам емделіп шықты

Next Post

Үшінші мегаполисте екпе егу пунктерінің саны 42-ге жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі