13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік топ республикалық ғылыми жарыста «Үздік команда» атанды

26 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік топ республикалық ғылыми жарыста «Үздік команда» атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қаласында 18-25 сәуір аралығында Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан мектеп оқушыларының жарысы өтті. Ғарыштық жарыста шымкенттік топ «үздік команда» марапатын иеленді.

Ғылыми жобалар конкурсының мақсаты — ғарыштық бағыттағы факультативтік үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерді оқып білу және оны тәжірибеде пайдалану, талантты оқушыларды анықтау, олардың мамандық таңдауларына көмектесу.

Оқушылар — ғарыштық аппаратта және ракета тасымалдаушылар, ғарыштық биология және медицина, астрономия және астрофизика, экология және космонавтика, электроника және энергетика бағыттарында зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Алдымен қалалық іріктеу кезеңі өтіп, онда үздік деп танылғандар республикалық додаға жолдама алған болатын.

Нәтижесінде Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жоба жарысы бойынша 7-10 сынып оқушылары ІІ-дәрежелі дипломдарға ие болса, физика және астономия олимпиадасынан Бас жүлде және І -орындарды иеленді. Жетекші мұғалімдеріне ҚР Білім және Ғылым министрінің «Алғыс хаты» табысталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан: Жетісайлық жаны жомарт азамат жалғыз басты анаға баспана сыйлады

Next Post

Шымкент: «Аshyq» жобасы аясында жаңа қаулы бекітілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі