13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында бірқатар мектептердің лицензиясы тоқтатылды

Түркістан облысында білім беру заңнамасын бұзған мектептердің лицензиясы тоқтатылды

26 апреля, 2021
in Білім
0
Түркістан облысында бірқатар мектептердің лицензиясы тоқтатылды
60
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 4 айында 93 өтініш тіркеліп, тексерулер нәтижесінде 8 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Білім заңнамаларын бұзғаны үшін 12 лауазымды тұлғаға нұсқама берілген. Сондай-ақ, екі мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылып, 115 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бақытжан Мұхамеджанов мәлімдеді.

«Мемлекеттік бақылау шараларын орындау барысында жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 1-жартыжылдығында профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 30 білім беру ұйымында кемшіліктер анықталып, нұсқамалар берілді. Бұдан өзге, департамент тарапыпынан ҚР-ның «Педагог мәртебесі туралы» заңының талаптарын бұзған үшін 2 лауазымды тұлғаға шара көрілді. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес балалардың білім беру ұйымдарындағы сабаққа дұрыс қатысуын қамтамасыз етпегені үшін ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды»,- деді Бақытжан Қалжанұлы.

Департамент тарапынан облыс аумағындағы мектептерде білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық әдеп бойынша кеңестің құрылмауы, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі 35 %-дан кем болуы сынды деректер анықталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан: «Жасыл белдеу» аумағы 13 500 гектарға жетті

Next Post

Түркістан: Жетісайлық жаны жомарт азамат жалғыз басты анаға баспана сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі