13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«KazCOVID-in» вакцинасының алғашқы легі Түркістан облысына жеткізілді

26 апреля, 2021
in Қоғам
0
«KazCOVID-in» вакцинасының алғашқы легі Түркістан облысына жеткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында жасалған «KazCOVID-in» вакцинасының алғашқы легі Түркістан облысына жеткізілді. QazVac қазақстандық екпенің 2 мың дозасы Түркістан облысындағы вакцина салатын бекеттерге таратылды. Отандық вакцина «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ғылыми зерттеу институтының базасында жасалған. Елімізде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау шарасы 1 ақпаннан басталған болатын. Сол уақыттан бері облыста 45 мыңға жуық адам екпе қабылдауға ниет білдірді. Оның 17 мыңға жуығы медициналық қызметкер болса, 19 мыңға жуығы педагогтар мен полиция қызметкерлері. Бұдан бөлек өзге топтағы азаматтар 4 мыңнан асады. 22 ақпаннан бастап облыста екінші компонентпен (ревакцинация) 14 мыңнан астам адам вакцина салдырды. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 49 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,94 % құрайды. Түркістан облысы еліміз бойынша «жасыл аумақта» тұр. Пандемия белең алағалы 657 442 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3 мыңнан астам адам тексерілді. Аймақта бүгінде жалпы 23 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4642 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 5255 жағдай тіркелді. Олардың 3407-да ауру симптомсыз өткен болатын.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартып немесе салдыруға келісім бересіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте батальон командирлерінің жиыны өтті

Next Post

Түркістан: «Жасыл белдеу» аумағы 13 500 гектарға жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі