13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан – Қытай шекарасындағы ахуалға байланысты көшпелі жедел кеңес өтті

24 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан – Қытай шекарасындағы ахуалға байланысты көшпелі жедел кеңес өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 23 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Камалиевтің төрағалығымен уәкілетті мемлекеттік органдардың, Алматы облысы әкімдігінің, «Атамекен» Ұлттық палатасының, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен «Еуротранзит» УСҚ аумағына көлік құралдарының өту және «Нұр жолы» кеден бекеті арқылы ҚХР аумағына кіру тәртібін реттеу мәселелері бойынша көшпелі жедел кеңес өткізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша «Евротранзит» ЖШС мен «Halyk BSK Logistica» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды («Нұр жолы» өткізу пунктіне жақын кезекте орналасқан жүк АКҚ жүргізушілерінің мүдделерін білдіреді).

Меморандум шеңберінде бастамашыл топ «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағына «Нұр жолы» өткізу пунктіне дейін жолда тұрған барлық көлік құралдарын көшіруді ұйымдастырады және жедел штабтың келісімі бойынша УСҚ-ға жүктерді тиеу үшін АКҚ кезегі қалыптастырылады, сондай-ақ «Евротранзит» ЖШС-нің өтінімі бойынша ҚХР аумағына кіру үшін жүк автокөлік құралдары ұсынылатын болады.

Бұдан басқа, уәкілетті органдар қазақстандық АКҚ-ның ҚХР аумағына өту тәртібін оңайлату және қазақстан-қытай шекарасындағы уақытша жабық өткізу пункттерінің қызметін жаңарту бойынша ҚХР-мен келіссөздер процесін жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның көлік қызметкерлері Одағымен бірлесіп, Қазақстан-Қытай шекарасындағы ағымдағы жағдай бойынша тасымалдаушылармен түсіндіру жұмыстарын жалғастыратын болады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзҚазақстан – Қытай шекарасы
Previous Post

Түркістан облысында  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары бақылауда

Next Post

Шымкенттік онкологтар күрделі тіліксіз ота жасау тәсілін меңгеруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі