13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда дәрігерлерге арналған халықаралық конференция болып өтті

24 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда дәрігерлерге арналған халықаралық конференция болып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция «Қант диабеті мен патологиялық семіздікті лапораскопиялық ота арқылы емдеу жолдары», – тақырыбына арналды. Конференцияға  «Қазақстандық бариатриялық және метаболизмдік хирургтар қоғамы» бірлестігінің президенті Орал Оспанов арнайы қатысты. Сондай-ақ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей мен Литвадан білікті хирургтар онлайн режимде операциялардың орындалуын көрсетті.

Бұдан кейін Түркістан қалалық Орталық ауруханасында қант диабетімен ауыратын үш науқасқа лапораскопиялық ота жасалды. Операцияға Ақтау, Жезқазған мен Шымкент қаласынан науқастар арнайы келген. Айта кетейік, бірінші операция 22 жастағы артық салмақпен ауыратын бойжеткенге істелді. Қазір жас қыз 70 келі, енді отадан кейін салмақ тастайды. Операцияны профессор Орал Оспанов пен Түркістан қалалық Орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков жүргізді.

«Біз бүгін пандемия салдарынан онлайн режиімде конференция өткізіп жатырмыз. Бүгінде елімізде дәрігерлердің және де ауруханадағы соңғы үлгідіге заманауи жабдықтар бір мезетте бірнеше ота жасауға мүмкіндік беруде», – Қазақстандық бариатриялық және метаболизмдік хирургтар қоғамы» бірлестігінің президенті Орал Оспанов.

Айта кетейік,  бұрын Түркістан облысының тұрғындары республикалық маңызы бар қалаларға барып ота жасататын. Енді Түркістан қалалық Орталық ауруханасында  лапораскопиялық операция жүргізіледі.

Конференцияға қатысқан дәрігерлер шетелдік ғалымдардың дәрісін тыңдап, біліктілігін арттырды. Онлайн бас қосуда қант диабеті мен патологиялық семіздікті лапораскопиялық ота арқылы емдеу жолдары түсіндірілді. Жалпы коронавирустан қайтыс болғандардың 90 % қант диабеті мен семіздікпен ауыратындар екен.

Конференцияның құрметті қонақтары мен қатысушылары конференция ұйымдастырылуының жоғары деңгейін және Қазақстандағы денсаулық сақтаудың заманауи жай-күйін бейнелейтін баяндамалардың іс-тәжірибелік бағытталғандығын атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz.kz13кз
Previous Post

Арыстық ардагерлер рухани астана - Түркістан қаласының құрылысымен танысты

Next Post

Түркістан облысында  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі