13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

23 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады
Share on FacebookShare on Twitter

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады. Бағдарламаның ерекше жаңашылдығы Негізгі дайындық жұмыстары жүргізілді. Стипендияларды беруді үш кезеңде: маусым, тамыз және қараша айларында жүргізу жоспарлануда, — деді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша, 2021 жылға арналған тізбеде академиялық оқытуға арналған 80 мамандық пен тағылымдамадан өтуге арналған 137 мамандық қарастырылған. Оның ішінде: инклюзивті білім беру, вирусология, урбанистика, жаңа материалдар технологиясы сияқты тың бағыттар бар. Мамандықтар жеті бағыт бойынша бөлінген: инновациялар және жаңа технологиялар, индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, білім беру, медицина және креативті индустрия.

Вице-министр биыл «Болашақ» бағдарламасына 1055 стипендия бөлінгенін, оның 500-і ғалымдардың тағылымдамаларына арналғанын атап өтті.

«Шетелдік жоғары оқу орындарының, оқуға ұсынылатын шетелдік ұйымдардың тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді. Биыл тізімге үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін 27 елдің 207 жоғары оқу орны кірді», — деді Мирас Дәуленов.

Министрлік өкілі биыл алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылғанын еске салды. Ал іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылып отыр. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау сияқты кезеңдерден тұрады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz.kz13кзБолашақ бағдарламасы
Previous Post

Түркістан қаласында су айдыны бар саябақтар салынуда

Next Post

Шымкентте бей-берекет қоқыс тасталатын орындарда бақылау күшейтілмек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі