13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов: Қаламызды таза ұстау — баршамыздың міндеті

22 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов: Қаламызды таза ұстау — баршамыздың міндеті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен тазалық жұмыстары мен көріктендіру бойынша көшпелі жиналыс өтті. Онда аудан әкімдері мен басқарма басшыларының санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

«Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының басшысы қаладағы 211 нысанға (саябақ, сквер, ескерткіштер, субұрқақ) күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге биыл бюджеттен 3 млрд 323 млн теңге бөлінгенін айтты. Оның ішінде «Көк», «Чумчак», «Сайрам су сай» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп биыл аяқталады.

Жиында қала әкімі қаламызды таза ұстау алдымен әрбір қала тұрғынының, одан кейін тиісті мердігерлердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.

— Қаладағы үлкен көшелерді аудан әкімдіктері, үй айналасын кондоминиум, сауда нысандарының тазалығына келісімшартпен кәсіпкерлер жауапты болулары керек. Тазалықта иесіз жер болмауы тиіс. Мердігер мекемелер аудан әкімдіктерімен ете жұмыс жасауы қажет. Енді оларға әлеуметтік желідегі сын-шағымдар дәлел ретінде қабылданып, айыппұл салынатын болады. Аула ішіне тұрғындармен келісімшарты бар мекемелер жауапты. Сондықтан тұрғындар арасында тазалықты көптеп насихаттайтын баннерлер ілінсін -деді Мұрат Әйтенов.

Жыл басынан әр ауданға 4 тазалық бақылау маманы тартылған. Әкім олардың санын онға дейін көбейтуді тапсырды. Құрылыс қалдықтарын тастаушыларға нөлдік төзбеушілік көрсетуге, ал полиция қызметкерлерін бұл жұмысқа белсене қатысуға шақырды. Бейнебақылау қою жерлер қажеттігі болса ұсыныс енгізу керектігін айтты.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында көп жылдық гүлдер егуге көшуді жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар медиа ақпараттық сауаттылықтарын арттыруда

Next Post

Жаңадан құрылған Сауран аудандық мәслихатының алғашқы сессиясы өтті 

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі