13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

5 июня, 2020
in Билік, Қоғам
0
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін тағы да Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарға арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс әкімі халық қалаулылары мен Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды аралап, бүгінгі жай-күйін көрді.

Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында облыс әкімі апаттан жапа шеккен тұрғындардың өтемақыларын тездетіп төлеуді, ауылдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын жеделдетуді жүктеді. Қираған үйлерді бұзып, құрылыс материалдарын тасымалдауға Өзбекстан елінің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі тарапынан да көмек күші жұмылдырылған. 

Өргебас ауылындағы 197 үйдің барлығы  жаңадан салынады. Олардың 90%-на құрылыс қаражатының жартысы берілген. 20-ға жуық үйдің іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген. Су шайған ауылдардың барлығында инфрақұрылымы толығымен жаңартылуда. Өргебас және Фирдоуси ауылдары халқының 70%-ы жаңа үй құрылысына берілетін 17 млн теңге қаражаттың 8,5 миллионнын қолдарына алды. 

Фирдоуси ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесуде дер кезінде қолға алынған шаралардың оң нәтиже бергенін айтып, алғыс білдірді. Ауылда 320 тұрғын үй болса, оның жартысынан астамы үй тұрғызатын қаражаттарын қолдарына алған. Ауылда апаттан зардап шеккен баспаналар бұзылып, жаңа үйлердің құрылысы басталып кеткен.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ СЕЛ ШАЙҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Next Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АРЫСТАҒЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНДА БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі