13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет

21 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазір біздің басты міндетіміз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялаумен қамтуды арттыру болып табылады», — деді ол.

Үкімет басшысы пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда екенін баса айтты.

«Дегенмен 8 өңір «қызыл аймақта». Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,06. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі – 41, реанимациялық бөлімдердегі орындар – 27 пайыз», — деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді.

«Бірінші. Халықты, әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек. Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер сапалы медициналық көмек көрсетілуін, медицина ұйымдарының қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі мониторингтеп тұрсын», — деді Үкімет басшысы.

Үшіншіден Премьер-Министр әкімдіктер Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мобильді мониторингтеу топтарының белсенді қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуі керектігін баса айтты.

 

Previous Post

Шымкентте қоғамдық кеңестің мүшелері жаңаша тәсілмен сайланады

Next Post

Шымкентте карантин шаралары күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі