13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Омыртқа туберкулезіне ота жасалды

21 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Омыртқа туберкулезіне ота жасалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық Фтизиопульмонология орталығында туберкулез спондилиті  диагнозы қойылған науқастарға күрделі ота жасалды. Орталықта Ұлттық Ғылыми фтизиопульмонология орталығының  дәрігері Серік Тұтқышбаевтың қатысуымен өкпеден тыс сүйек буын туберкулезіне ота жасалып, мастер класс өткізілді.

Бірінші ота Облыстық Фтизиопульмонология орталығында 46 жастағы  азаматшаға жасалынған. Оның науқастанып жүргеніне 7 ай болған және аяқтары істен шыққан. Екінші ота  38 жастағы азаматқа жасалды. Науқастарға Тһ8-9 және  Тһ11-12  туберкулезді  спондилиті белсенді сатысы диагнозы қойылған. Олар күрделі ота жасау алдында 20 күн ем қабылдаған. Айта кетейік, науқастар бір тәулік ішінде жансақтау  бөлімшесінен хирургия бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгінде емделушілерде ауру сезімі басылып, аяқтарында қимыл пайда болған.

«Сүйек-буын туберкулезімен ауыратындардың 70 пайызға жуығы хирургиялық көмекке жүгінеді, яғни оларға операция жасалады. Туберкулездің дәріге сезімтал, дәріге төзімді түрлері бар. Қазір 60-63 пайызға дейін туберкулездің төзімді түрін анықтап жатырмыз. Соған тиісті дәріні тағайындаймыз. Себебі бұл кезде емнің тиімділігі артады. Сондықтан туберкулезді ерте анықтауды мақсат етеміз»,- дейді Түркістан облыстық фтизипульмонология орталығының бөлім меңгерушісі Қуаныш Амиров.

Түркістан облысында жылына шамамен 10-15 туберкулезді  спондилиті  диагнозы бар науқастар  Ұлттық фтизиопулмонология ғылыми орталығына жолдама алады. Бұл ауру тек ота арқылы емделеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: ТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Сарыағаш ауданында 766 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды

Next Post

Шымкентте шағынаудандар сапалы интернетпен қамтылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі