13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда автотұрақ мәселесі шешілуде

20 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда автотұрақ мәселесі шешілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы паркинг мәселесін шешу бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.  Бүгінгі күні Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасында 2 мыңға жуық көлікке арналған автотұрақ бар. Қазіргі уақытта бұл бағытта полициямен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Облыс басшысы қала аумағындағы атқарылған жұмыстарды пысықтады.

Түркістан қаласында автотұрақтардың аз болуы бірқатар қиындықтар тудыруда. Атап айтқанда, туристер рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан автотұрақтарды таппай, кез-келген орындарға автокөліктерін қойып, көлік кептелістері орын алуда. Осыған орай аймақ басшысына «Түркістан тұрағы» жобасы таныстырылды. Ақылы автотұрақтар – «ретсіз тұрақ» мәселесін шешуге және жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көліктің және автомобильдердің жайлы қозғалысы үшін мүмкіндік жасайды.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралап шыққан өңір басшысы Түркістанға кіреберіс жолда салынып жатқан 5 мың орындық зәулім мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл – күллі түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласына Өзбекстан мемлекеті тарапынан жасалған сый. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының аумағы 20 мың шаршы метр, айналасында 400 орындық медресе, кітапхана, асхана, неке сарайы және басқа да қосымша нысандар салынады.

Облыс басшысы Түркістанда жаңадан салынып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды. Құрылысы жүріп жатқан білім ұясында 720 бала білім алады. Мұнда 120 орынға арналған жатақхана салынуда. 6 гектар аумаққа орналасқан 3 қабатты жаңа білім ордасының жалпы аумағы – 22 мың м2.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолынан Майкотов көшесіне дейінгі автожолдың жалпы ұзындығы 6,5 шқ құрайды. Бұл – Шәуілдірден тікелей Шымкент бағытына шығатын және Түркістан әуежайын  Әкімшілік-іскерлік орталық арқылы жаңа Темір жол вокзалына  кедергісіз қосатын күре жол. Жолдың 5,5 шақырымына асфальт төселіп, жарықтандыру жүйесінің бағаналары орнатылған. Суағар науа (лоток) және аяқ жол мен вело жолдар салынуда. Ал, жобаның 1 шқ. аумағына яғни, М32 Самара-Шымкент автодәлізі мен №9 көше аралығына өзгеріс енгізіліп, 4 жолақты жолдан 6 жолаққа ауыстырылды. Осы аумақта да түнгі жарықтандыру жүйесі орнатылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтуде

Next Post

Түркістанда суару жүйесі жетілдіруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі