13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы бойынша жаппай вакцинациялау алгоритмі құрылды

19 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы бойынша жаппай вакцинациялау алгоритмі құрылды
Share on FacebookShare on Twitter

Жаппай вакцинациялау алгоритмінің құрылуына сәйкес, қала және аудан тұрғындары вакцинаны жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде арнайы тізім бойынша және алдын-ала жазылу тәсілі бойынша салдырады. Вакцинация сондай-ақ, жылжымалы вакцинациялау пункттерінде жүргізіледі. Тұрғындар алдын-ала Egov электрондық жүйесі арқылы тіркеліп, ерікті  түрде вакцина жасата алады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.

Түркістан қаласында жалпы 10 вакцинациялау пункттері ұйымдастырылды. Вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттары сақтала отырып, жалпы 80 егу пункттерінде вакцинация жасалады. Олар 60 термоконтейнермен қамтамасыз етілген. Қосымша 50 данасы сатып алынады. 30 көшпелі егу бригадасы құрылды. Орталықтар арнайы даярланған мамандармен, 500-ден астам дәрігер мен орта буын медициналық қызметкерлерімен қамтамасыз етілді.

Түркістан облысына қарасты вакцина сақтайтын қоймасында көлемі 300 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш (-20оС) бар. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20 дана мен 601 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш сатып алынып, толық жеткізілді. Одан бөлек, вакцинация жүргізуге арналған 65 пункттер толық тоңазытқышпен жабдықталған.

Түркістан облысында пандемия басталғалы 600 мыңнан астам ПТР тест тапсырған. Соңғы тәулікте ауруға шалдыққан 48 адам тіркелген. Басым бөлігінде науқастардан ауру белгілері анықталмаған. Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша ҚР бойынша «жасыл» аймақта.

Өңірді 185 мың доза ресейлік «Спутник-V» және 752 мың доза «QazCovidIN» отандық вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ақпан айынан бастап ресейлік вакцинаның 43 400  дозасы жеткізілді. Бүгінгі күнге дейін 43 160 адам вакцина қабылдады. Медицина, полиция саласының қызметкерлері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер және созылмалы ауруы барлар егілді. Сәуір айының соңына дейін 72 мыңнан астам доза жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге  30 мыңнан астамы жеткізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Келес ауданында 300 гектар суармалы егістік жерге ағын су жеткізілді

Next Post

Майра Мұхамедқызы өз ұжымымен бірге короновирусқа қарсы вакцина салдырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі