13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Рашид Абатұлы абаттандыру жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің жұмысын сынады

19 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Рашид Абатұлы абаттандыру жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің жұмысын сынады
Share on FacebookShare on Twitter

Рашид Абатұлы Әкімшілік-іскерлік орталықтағы көпқабатты үйлер аумағында жүргізіліп жатқан көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарының барысын көрді. Мұнда 7 қабатты 24 үйдің ауласында абаттандыру, яғни тасжол төсеу, газон егу және аяқжол тастарын төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Рашид Аюпов аталған жұмыстармен айналысып жатқан мердігер мекемені сынға алып, жұмыстың өте баяу екенін айтты. Сенбі күнде жұмысшылардың құрылыс алаңында жоқ екенін ескертіп, көгал егілген топырақ арасындағы тастарды тазалап, аяқжолды екі күн ішінде ретке келтіруді тапсырды.

«Халық жайлылығы үшін жасалып жатқан дүниелерге салғырт қарамаңыздар. Мұның барлығы тұрғындардың қаржысына атқарылып жатыр. Сол себепті, істеріңіз де сапалы әрі тиянақты болуы қажет», — деген Рашид Абатұлы, «Құрылыс бөліміне» сенбі-жексенбі күндері жұмысшылардың жұмысын тоқтатпауын және ауысыммен жұмыс істеуін қадағалау қажеттігін айтты.

Одан өзге, егілген ағаштардың күтімі төмен екенін айтып, қураған ағаштарға арнайы күтім жасап, суару жүйесін кестеге сай жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, Ж. Майкотов көшесі бойындағы құрылыс қалдықтары мен жеке үй тұрғындарының тастауымен іші қоқысқа толған ескі канал ішін дүйсенбіге дейін тазалау бойынша «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне» тапсырма берді.

 

Previous Post

Шардара ауданында күріш өсіру ісіне ерекше көңіл бөлінбек

Next Post

Келес ауданында 300 гектар суармалы егістік жерге ағын су жеткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі