13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкентте вакцина салдырғандардың қатары артып жатыр

15 апреля, 2021
in Денсаулық
0
Шымкентте вакцина салдырғандардың қатары артып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

15 сәуірдегі деректер бойынша Қазақстанда 505 451 адам вакцина салдырды. Оның 38 мың 107-сі — Шымкент қаласының тұрғындары. Олардың қатарында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары мен қызметкерлері бар.

— Бүгін мен COVID-19-ға қарсы вакцина салдырттым. Қазіргі жағдайым жақсы, жанама әсерлер сезбедім. 21 күннен кейін екінші рет вакцина салдыртамын, — деді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова.

Сала қызметкерлері «Медикер» орталығында «Спутник V» вакцинасын салдырған. Қазіргі таңда бәрінің жағдайы жақсы. Асқынулар мен кері әсерлері байқалмаған. Сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері де екпе салдырды

— Біз, спортшылар жаттығу залында, жарыстарда көп жүретіндіктен вирис жұқтыру қаупі жоғары. Вирустың алдын алу үшін ұжым болып ковидқа қарсы вакцина салдырдық. Қазір бәріміздің жағдайымыз жақсы. Расында, екпе салдыру өте маңызды. Сізде өзіңіздің және жақындарыңыздың жағдайын ойласаңыз, екпе салдырыңыз, — деді басқарма басшысы Бауыржан Тұманбаев.

Айта кету керек, қалада вакцина тегін әрі ерікті түрде барлық емханаларда таңғы 8.00-ден 22.00-ге дейін демалыс күндері де салынуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Previous Post

Түркістан: Төлеби ауданында «Бастау бизнес» бойынша 35 азамат гранқа ие болған

Next Post

Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша жоба басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі