13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша іске қосылады

15 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков карантин кезінде кәсіпкерлік нысандарына арналған жаңа «Ashyq» атты мобильді қосымшасын таныстырды. Оның айтуынша, 26 сәуірден бастап жұмысын бастайтын «Ashyq» пилоттық жобасына Түркістан облысынан 300-ден аса кәсіпкер қызығушылық танытып отыр.

«Бұл қосымшаның енгізудегі басты мақсат – QR-код және ПТР ортақ базасымен кез келген қоғамдық орынға келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, азаматтың короновирус инфекциясын жұқтырған не жұқтырмағанын анықтайды. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы QR -кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Кәсіпкерлік нысан келушінің мәртебесін ғана көреді, жасыл, көк, сары немесе қызыл болып көрінеді. Қызыл түс — егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. Сары түс — науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. Көк түс — ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан басқа барлық жерге бару рұқсат. Жасыл түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі», — деді Тимур Арсенұлы.

«Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру керек. Жоба талаптарына сәйкестікті тексерілген соң жеке кабинетте код пайда болады, аталған код арқылы қосымшамен жұмыс істеуді үйрену және сынақ режимінде 1 апта бойы жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Бұл қосымша кәсіпкерлерге өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік бермек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында карантин талаптары қатаңдатылды

Next Post

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 млн. ағаш

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі