13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты акция өткізілмек

15 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты акция өткізілмек
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ауыл жастарын кітап оқуға ынталандыру мақсатында «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» және «Ұлы Дала руханияты» атты облыстық кітап фестивальдерін өткізу жоспарлануда. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәлім етті.

Әзімхан Серікұлының айтуынша, облысымыздағы 390 кітапханада өткен жылы 3 858 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 230 382 оқырман қатысқан. Сондай-ақ, өңір кітапханалары 121 686 дана жаңа кітаптармен толыққан. Бұдан бөлек, «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Алтын қорға үлес қос», «Кітапханаға сый» акциялары ұйымдастырылып, 18 090 дана кітап кітапханалардың қорына сыйға берілген.

«Халыққа қазіргі заман талабына сай кітапханалық қызмет көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясының жобасына сәйкес Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Келес, Жетісай аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан қалаларындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен коворкинг орталықтары ашылды», — деді Әзімхан Серікұлы.

Түркістан күллі Түркі әлемінің рухани астанасы болып бекітілуіне байланысты биылғы жылы «Театр көктемі-2021» түркі халықтарының театр фестивалі, «Түркістаным – Тұраным» түркі халықтары суретшілерінің симпозиумы, «Түркілер төрі – Түркістан» түркі тілдес елдердің ақын-жазушыларының кездесуі және кітап көрмесі, «Алтын сақа» түркі әлемінің анимациялық фильмдер, «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивальдерін өткізу жоспарлануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

"Аmazing Тurkistan” арқылы әуе рейстері мен пойыз кестесін білуге болады

Next Post

Түркістан облысында карантин талаптары қатаңдатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі