13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ҮЙ ІРГЕЛІК ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

7 июня, 2020
in Билік, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ҮЙ ІРГЕЛІК ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің аудан әкімдерімен өткізген селекторлық жиынында облыс аумағында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 негізгі бағытты белгілеп берген болатын. Сол бағытардың бірі — үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану арқылы мол өнім алу.

Бүгін осыған орай, Түлкібас ауданында карантин режиміне сәйкес, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Шақпақ ауылдық округінде көшпелі семинар өтті. Семинарға аудан әкімі Н.Байғұт, шаруақожалық төрағалары мен мемлекет тарапынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымсыз грант алатын азаматтар және аудан тұрғындары қатысты.
Семинардың мақсаты — үй іргелік жерлерге израильдік технологияның енгізудің тиімділігін түсіндіру. Мемлекет тарапынан АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымыз грант алатын тұрғындарға өз кәсібін ашуға бағыт-бағдар беру, тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ету.
Көшпелі семинар бағдарламасына сәйкес, аудан әкімі бастаған округ әкімдері мен семинарға қатысушылар тамшылатып суғару тәсілін орнатып, үй іргелік жеріне қызанақ отырғызған жеке кәсіпкер З.Рахматуллаеваның үйіне барды. Онда аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы семинарға қатысушыларға израильдік технологияның тиімділігі мен артықшылықтарын көрсетіп, түсіндірді.
Израильдік технологияның қарапайым арық арқылы суғару әдісінен ерекшелігі жерді аударып дайындауды және арық қазуды қажет етпейді. Қарапайым суғару әдісінен қарағанда өнімді 3 есе көп береді. Сондай-ақ, егілген көкөніс айналасынан жабайы шөп шықпайды.
Израильдік технология орнатылған егістік алқабында АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) пен қайтарымсыз грант алатын тұрғындармен сұқбат құрған аудан әкімі Н.Байғұт тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз қаржыларды пайдалана отырып, тұрмыстық жағдайын жақсартып алу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, көшпелі семинар барысында қатысушылар «Береке», «Империя», «Жарқынбек» және «Ақ биік» шаруақожалықтарының жұмысымен танысып, қажетті мағлұматтар алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР РӘМІЗДЕР КҮНІН ЖАҢАША ФОРМАТТА ТОЙЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНҒА ӨЗБЕКСТАННАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі