13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласының әкімі жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырды

15 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласының әкімі жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

«Екі аптада нүктесін қойып, нәтиже шығарайық». Бұл тапсырманы апталық мәжілісте төрағалық еткен қала әкімі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» басшысына айтып, қатаң ескертті.

«Халықты жұмыспен қамту орталығына» әлі де жиі келіп жатқан сын-шағымдардың көптігіне байланысты бөлім басшысына аталған мәселені қолға алуды тапсырды. Қызметкерлердің жұмысқа нұқсан келтірмей, заң шеңберінде жұмыс істеуі үшін екі апта ішінде нәтиже болмаған жағдайда ортақ шешім қабылдайтынын айтып өтті. Сонымен қатар, халықпен жұмыс істеудің оңай еместігін де назарға алып, психологтармен етене байланыс жасау қажеттігін айтты. Бұл бойынша қала әкімі жыл басында қалалық Жастар ресурстық орталығының Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторын бөлімге ауыстыру бойынша тапсырма берген болатын.

Ақпан айынан бастап аталған сектор «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ғимаратында жұмысын жалғастырып келеді. Олар 4 бағыт бойынша: құқықтық, теологиялық, әлеуметтік және психологиялық тұрғыда қызмет көрсетеді. Соңғы 3 жыл көлемінде 265 азаматқа көмек көрсетсе, бөлімге барған тұстан 21 адам қызметіне жүгінген. Жалпы, Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторы арқылы Қазақстан азаматтығын алу, үйдегі зорлық-зомбылық, наркологиялық емдеу орталығына бару, кәсіпкерлер немесе еріктілер тарапынан демеушілік болған жағдайда аса қажетті адамдарға қаржылай немесе заттай көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді.

Қала әкімі Рашид Аюпов, одан өзге тұрғын үй, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инклюзивті орта құру, бағаны тұрақтандыру мәселелерін көтеріп, жұмысты ширатуды тапсырды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

"Гүлдер саябағы" аумағында абаттандыру жұмысы жүруде

Next Post

Түркістан қаласынан баспаналы болудың мүмкіндігі артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі