13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасылық 40 кәсіпкер кепілсіз несие арқылы кәсібін дамытуға кірісті

13 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Ордабасылық 40 кәсіпкер кепілсіз несие арқылы кәсібін дамытуға кірісті
38
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша сауда және қызмет көрсету салаларындағы жеке кәсіпкерлерге қаражат айналымын ұлғайту үшін 5 млн. теңгеге дейін кепілсіз несие беріледі. Несиенің жылдық сыйақы мөлшерінің 6 пайызын ғана кәсіпкер төлейді, қалған бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі. Олардан кепілге мүлік талап етілмейді, өйткені «Даму» кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы алатын несие қаржының 85 пайызына екінші  деңгейдегі банк ұйымының алдында кепілдеме береді.
Ордабасы ауданында кепілсіз несие тәртібі барлық ауыл округ тұрғындарына жан-жақты түсіндірілуде. Қазіргі таңда кепілсіз несие алуға ниетті кәсіпкерлердің 40-ы 150 млн. теңгеден астам қаржыға қол жеткізіп, кәсібін дамытуға кірісті. Жалпы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 11 мыңнан асады. Осы құрылымдар бойынша 15 мыңнан азамат жұмыспен қамтылған.
Өткен жылы ауданда шағын несие ұйымдары арқылы 5 мыңнан астам адам 4 млрд теңгеге жуық несие қаржы игерді. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында банк несиелерін субсидиялау желісімен 8 жоба 64 млн. теңгеге қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгені құрайтын 34 потенциалды жоба сүйемелденіп, 789 млн. теңгені құрайтын 24 жоба қаржыландырылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

"Тұрғын үй сату бойынша қызмет" орталығы қарқынды жұмыс істеуде

Next Post

Түркістандықтар рухани астананың гүлденуіне үлес қосуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі