13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

20 жыл ішінде Қазақстанда тұрғын үй нарығы қалай өзгерді

13 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
20 жыл ішінде Қазақстанда тұрғын үй нарығы қалай өзгерді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) зерттеу жұмысын жүргізіп, 2000 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысының қалай дамығанын анықтады.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ — Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Оның қызмет түрлерінің бірі — құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу.

ҚазҚСҒЗИ мамандары  құрылыс материалдарының, конструкциялардың, сондай-ақ монтаждау жұмыстарының бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Мониторингке 3 мыңға жуық тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер қатысады.

ҚазҚСҒЗИ мамандары еліміздегі тұрғын үй бағасының динамикасын соңғы 20 жыл ішінде бақылап, 2000 жылы жаңа құрылыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен 21 мың теңге, ал қосалқы нарықта — 8 мың теңге болғанын анықтады.

Баға 2004 жылдан бастап өсіп, жаңа тұрғын үй кешендерінде бір шаршы метрі 70 мың теңгеге, ал қосалқы нарықта 40 мың теңгеге сатылды.

Ал 2007 жылы баға күрт өсіп, жаңа құрылыстағы бағалар 1 м2 үшін 161 мың теңгеге дейін көтеріп, қосалқы нарықта 136 мың теңгеге қымбаттады.

Тұрғын үй бағасының екінші секірісі 2015 жылы болып, жаңа құрылыста 1м2 орташа есеппен 258 мың теңге, қосалқы нарықта 190 мың теңге болды.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін қосалқы нарықта баға біршама төмендеді.

2018 жылы 1 м2 бағасы 186 мың теңгеге дейін арзандап, жаңа құрылыстарда бағалар өсіп,  1 м2 үшін 267 мың теңгеге жетті.

Тұрғын үй бағасы 2019 жылы тағы күрт өсті: қосалқы нарықтағы бағалар 1 м2 үшін 200 мың теңгеге дейін, ал жаңа құрылыста 294 мың теңгеге дейін көтерілді. 2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша жаңа үйлердің бағасы 319 мың теңге, ал қосалқы нарықта 245 мың теңгені құрады.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлікпе сұранысқа және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты осы кезеңде құрылыс материалдары бағасы да артты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2004 жылы 2,6 миллион м2 баспана пайдалануға берілді және әрбір келесі жылы өсім болды. 2015 жылы 8,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал 2020 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің деректері бойынша бұл көрсеткіштер рекордтық 15,3 миллион м2-ге жетті. Құрылыстың жоғары қарқыны мен әлемдік нарықтағы бағалар құрылыс материалдарының қымбаттауына әкелді. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке дүрлікпе сұраныс жаңа құрылыстарда да, қосалқы нарықта да тұрғын үйдің шаршы метрі құнының рекордтық қымбаттауына алып келді», — деп түсіндірді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры Бегман Көлбаев.

Жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, 2020 жылы көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының (КПТҮ) үлесі бойынша мегаполистер көшбасшы болды: Нұр-Сұлтан – 33,5%, Алматы — 21,1%, Шымкент – 5,7%.

Өңірлердегі КТҮ үлесі келесідей: Маңғыстау облысы – 6,8%, Қарағанды облысы – 4,3%, Ақтөбе облысы – 4,1%, БҚО -3,2%, Ақмола облысы -2,9%, ШҚО -2,9%, Қостанай облысы – 2,8%, Атырау облысы – 2,7%, Павлодар облысы – 2,3%, Түркістан облысы — 2,1%, Жамбыл облысы – 1,8%, Алматы облысы-1,7%, СҚО – 1,6%, Қызылорда облысы-0,4%.

Нұр-Сұлтанда ғимараттардың 66% — ы монолитті темір бетоннан, 28% кірпіштен салынған.

Елорда ғимараттарының ішінде көп қабатты үйлер басым: 5-9 қабатты ғимараттар 763 мың м2 және 10-19 қабатты үйлер 745 мың м2.

Алматыда монолитті құрылыс басым — 62% және кірпіш ғимараттар үлесі — 32%. Оның ішінде 874 мың м2 10-19 қабатты жаңа құрылыстарға және 765 мың м2 4 қабаттан төмен үйлерге тиесілі.

Ақмола облысында монолитті құрылыс – 53%, ғимараттардың 41% — кірпіш. 333 мың м2 4 қабатқа дейінгі үйлерге тиесілі.

ШҚО-да жаңа құрылыстардың 32% — монолиттен, 46% — кірпіштен салынған. Олардың ішінде 4 қабаттан төмен 206 мың шаршы метр үй, ал 206 мың м2-5-9 қабатты ғимараттар.

Ал кей өңірлерде кірпіш үй құрылысы басым: Атырауда ғимараттардың 95% кірпіштен салынған және олардың басым бөлігі 4 қабатқа дейінгі үйлер. Маңғыстау облысында – 71% кірпіш ғимараттар және 29% монолитті, оның ішінде 4 қабатқа дейінгі ғимараттар басым. Ақтөбеде кірпіш ғимараттар үлесі 84% және тек 6% — ы монолитті темір бетоннан салынған. Сондай-ақ 4 қабатқа дейінгі үйлер басым. Қарағанды облысында кірпіштен және тастан жасалған үйлерге 63%, ал монолитті құрылысқа -17% келеді. Бұл ретте 4 қабатқа дейінгі үйлер ең көп салынған.

 

Previous Post

Түркістан: 35 мыңға жуық адам вакцина қабылдады

Next Post

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 672,1 млрд-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі