13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Рамазан айында екпе салдыру оразаны бұзбайды

12 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Рамазан айында екпе салдыру оразаны бұзбайды
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл қасиеті Рамазан айы сәуірдің 13-не басталып, мамырдың 12-не дейін жалғасады. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екпе салдырсаңыз, тұтқан оразаңыз бұзылмайды. Бұл туралы Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Жалпы 30 күн ораза бойы республика көлемінде Call-орталықтар жұмыс істейді. Тиісінше Түркістан облысында 8(707)740-40-72 нөмірлі ақпарат орталығына қоңырау шалуға болады. Қосымша телеграмда «Сұрақ-жауап ҚМДБ Түркістан облысы» тобы облыс тұрғындарына қызмет көрсетеді.

«ҚМДБ ұйғарымымен мешіттерде атқарылатын діни амалдар карантин режиміне сәйкестендірілді. Мешіттерде уағыз айтылмайды, Құран хатым етілмейді. Екеуі де онлайн түрде жүзеге асырылады. Ол үшін еліміз бойынша «Отыз күнге отыз уағыз» жобасының жоспары түзіліп, облыс, қала, аудан, ауыл имамдары онлайн форматта уағыз айтатын болады. Алғашқы «Тарауық» намазы өңірдегі мешіттерде бүгіннен бастап ара-қашықтықты сақтай отырып оқылады. Ауа райы қолайлы болса жамағаттың мешіт ауласында ғибадат қылғаны абзалырақ»,-деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.

Қасиетті «Қадыр түні» 8-мамырдан 9-мамырға қараған түніне келіп отыр. Ораза айт мейрамы — 13-мамыр. Биылғы пітір-садақа жан басына шаққанда 420 теңгеден. Ал, фидия (ораза қазасының бір күндік ақысы) – 2 500 теңге болып бекітілді.

Түркістан облысы бойынша Рамазанға дайындық дін өкілдерінің көмегімен жүзеге асырылуда. Мешіттер антисептик, дене қызуын өлшейтін құралдар, медициналық бетпердемен қамтамасыз етілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып көз жұмған

Next Post

Түркістан: 35 мыңға жуық адам вакцина қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі