13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Технология

«WORLDSKILLS TURKESTAN 2020» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

8 июня, 2020
in Технология
0
«WORLDSKILLS TURKESTAN 2020»  ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған  «Worldskills Turkestan 2020 байқауында Түркістан облысының 319 студенті 46 мамандық бойынша бақ сынауда. Чемпионат 10 күн бойы жалғасады. Әлемнің 83 мемлекетіне таралған халықаралық біліктілік сайысы колледж студенттері мен жас мамандар арасында білікті кадрларды анықтауға мүмкіндік береді. Мақсаты —  жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру.

Сайыста жастардыңтәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілгі сыналады. Сайыстың биылғы ерекшелігін атап өтер болсақ, Түркістан шаһары үшін аса маңызды құрылыс саласына мейлінше назар аударылып отыр. «BI Group» компаниясы білікті мамандарға қолдау көрсетіп, демеушілік жасауда.  Жеңімпаздары ұлттық чемпионатқа жолдама алады. Сонымен қатар, бірінші орын иегеріне теледидар, екінші орын иегеріне планшет табысталады. Қалған жеңімпаздарға да арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Түркістан өңірі аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді. Осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістіктер аз емес. Былтыр мәселен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan — 2019» V республикалық чемпионатына облыстан 33  студент қатысып, оның ішінде өз шеберліктерін көрсете білген 17 дарынды жас 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алды. Жалпы командалық есепте облысымыз үшінші орынды иеленген болатын. Облыстың студенттеріне биыл да үлкен үміт артылып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

МАҚТААРАЛ: ӨРГЕБАСТЫҚТАР ӨЗ ҮЙЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ

Next Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ТҮРКІСТАНМЕН ҚАТАР ДАМИДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі