13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте барлық санаттағы адамдарға екпе салынуда

9 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте барлық санаттағы адамдарға екпе салынуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысында COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың нәтижелері, вакциналау, тағы басқа мәселелер талқыға түсті.

Қазіргі таңда әлемде эпидемиологиялық ахуал күрделі. Елімізде де «қызыл аймаққа» кірген өңірлердің қатары артуда. Шымкент қаласы Павлодар, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау облыстарымен бірге «сары аймақта» тұр.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін айтып, тұрғындар арасында бетперде режимін сақтау, коронавируспен күресте вакциналаудың маңызды екенін айтты.

– Індетті жеңудің жолы – вакциналау. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, екпе егу жұмыстарын қарқынды жалғастыру қажет. Вакциналаудың маңыздылығы бойынша насихат жұмыстарын күшейту керек. Екпе егілген азаматтардың жағдайын біліп, солардың пікірін беріп отырайық. Сонымен қатар, вакциналау іс-шараларын насихаттауға бас дәрігерлердің де қатысуын қолға алыңыздар. Қалада індет жұқтырғандар саны күн сайын артып отыр. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы коронавирусқа қарсы вакцинацияны қабылдау, – деді қала әкімі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позиловтың айтуынша, бүгінде Шымкент қаласында жалпы коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші компоненті 13 087 адамға адамға, екінші компоненті 5307 адамға егілген. Биыл жыл басынан бері 1872 адам ковид инфекциясын жұқтырған. 21 адам қайтыс болды.

– Шымкентте 7 сәуірден бастап барлық санаттағы адамдарға екпе салынып жатыр. Қалаға 30 мың доза вакцина келді. Екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі. Әзірге 37 бекет жеткілікті. Бекеттің ішінен тағы қосымша бөлімдер ашып жатырмыз, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, өткен тәулікте КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді: белгілері бар — 50, белгілері жоқ — 22. 18 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 54 адам үй бақылауына алынған. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО — 70 орын).

Инфекциялық стационарда 260 науқас емделуде (КВИ-153, пневмония- 99, ЖРВИ- 8), жан сақтау бөлімінде — 10 (5 ИВЛ, 5 НИВЛ).

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан қаласында бірыңғай билет жүйесі енгізіледі

Next Post

Түркістанда Сейсенхан Маханбетовтің «Ұлы дала дастаны» атты көрмесі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі