13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Nur Otan: Оң шешілген мәселе көп

7 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Nur Otan: Оң шешілген мәселе көп
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен партия филиалы тарапынан бақылауға алынып, оңтайлы шешілген мәселелер, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарын қортындылау бойынша іс-шара өтті.
Жиында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева оң шешілген мәселелер бойынша баяндама оқыды. Баяндамаға сәйкес, 2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 25242 өтініш түскен. Оның: 70-ке жуық пайызы оң шешімін тауып, қалғаны бойынша заңға сәйкес түсінік берілген. Атап айтар болсақ, «Birgemiz» қоры арқылы қаржылай және азық-түлік себеттерімен 13000-ға жуық азамат көмек алған. Тағы 3000-дай адамға демеушілер есебінен әлеуметтік, қаржылай, материалдық көмектер көрсетілгені айтылды.
Кездесуде одан әрі,Водопьянов көшесі №1 а үй, «Таскен», «Азат» тұрғын алабтары тұрғындарының оң шешілген мәселелер бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Ал, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев кеңестің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары бойынша, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова комиссияның 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары жайында баяндама оқыды.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары көп екенін, бірақ мониторинг жұмыстарын әлі де күшейту қажет екенін айтып, қалалық партия филиалына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Сондай-ақ, жиында қаладағы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізген мекеме басшыларына қала әкімі Мұрат Әйтенов атынан алғыс хаттар табысталды. Әкім алғыс хатын «Отау Строй» ЖШС-нің президенті Қайрат Молдасейтов, «Арт Құрылыс» ЖШС-нің директоры Ануар Төлендиев, «Ақ Ордасы» ЖШС-нің директоры Сайдулла Қалыбековтер алды. Айта кетейік мұндай мазмұндағы алғыс хаттар Шымкен қаласы әкімі атынан алғаш рет табысталуда.
Сөз соңында әкім: «Біздің басты мақсатымыз – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз», – деп қортындылады.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан қаласының әкімі қазба жұмысына қатысуға шақырады

Next Post

Түркістан облысында 20 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі