13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәйітті қорада жасырған мұғалімнің не себепті жауапқа тартылмайтыны белгілі болды

"Мәйітті қорада жасырған": ауыл тұрғындары мұғалімнің жұмысқа шығуына қарсылық білдірді

6 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Мәйітті қорада жасырған мұғалімнің не себепті жауапқа тартылмайтыны белгілі болды

SONY DSC

Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл тұрғындарының арасында мұғалім жұмысқа шықса, балаларын мектепке жібермейміз деп отырғандар да бар

Атырау облысындағы Таңдай ауылының тұрғындары тергеуге ілінген мұғалімнің қайта жұмысқа шығуына қарсы шықты. Әйел бірнеше ай бойы өлген нағашысының мәйітін қорада жасырып келген, деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасаған Sputnik.kz

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 82 жастағы ер адам жиенімен бірге тұрған. Қария көрінбей кеткеннен кейін көршілері мен туыстары алаңдай бастады. Артынан оның мәйіті қорадан табылды.

Жиені қарияның қайтыс болғанын білгенімен, бірнеше ай бойы ешкімге ештеңе айтпаған.

Әйел ауыл мектебінде жұмыс істеген. Тергеу кезінде оны қызметінен уақытша шеттеткен. Ал сот-медициналық сараптама ақсақалдың қорада кенеттен қайтыс болғанын көрсетті. Сол себепті мұғалімге қатысты қылмыстық іс тоқтатылған болатын. Алайда жергілікті тұрғындар әйелдің қайта жұмысқа шығып, балаларға сабақ беруіне қарсы. Сондай-ақ, ол нағашысының өлімін біраз уақыт жасырған. Өзінен сұрағанда үйде жоқ, кетіп қалды дей салған көрінеді.

«Біз ондай адамның мектепке қайта барып, балаларымызға сабақ беруіне қарсымыз. Егер жергілікті билік арызымызды ескермесе, президент пен білім министріне шағымданамыз. Мұғалім жұмысқа шықса, кейбір ата-аналар балаларын мектепке жібермейміз деп отыр», – дейді олар.

Бүгінде 206 адамның қолы қойылған арыз мектеп директорына, Бақсай ауылдық округының әкіміне, аудан прокурорына, облыстық білім басқармасына және «Nur Otan»-ның аудандық филиалына жіберілді. Ал мектеп директоры Серік Қойбақов прокурордың жауабын күтіп отыр.

«Біз қылмыстық істің тоқтатылғанын білеміз. Ол кісінің жұмысқа қайта шығуына байланысты аудандық прокуратураның жауабын күтіп отырмыз. Басқа ештеңе айта алмаймын», – деді Қойбақов.

Previous Post

Қазақстанның Қызыл кітабы үш жануармен толықты

Next Post

Салық төлеушілер QR-кодты қалай орналастырады?    

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі