13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

500 мың теңге кімдерге беріледі?

2 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
500 мың теңге кімдерге беріледі?
Share on FacebookShare on Twitter

Ауылдағы азаматтардың бастамаларын қолдауға 60 шағын грант беру жоспарланып отыр.

Онлайн-форматта «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы туралы брифинг өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР АҚДМ қолдауымен жүзеге асырылуда.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасы Лима Диас, «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ грант алушылардың Президенті Айгүл Дүйсенова, сондай-ақ жобаның сарапшылары мен менеджерлері қатысты.

М.Қожахмет грант алушыларға сәттілік тілеп, биылғы жыл — ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті, сондықтан ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар бөлу бойынша мемлекет жүргізіп жатқан жұмыстардың ерекше мәні бар.

Лима Диас ауылдағы бастамаларды қолдау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметі туралы айтып, былай деді: «Өткен жылы ГҚО жобалары аясында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі жобалар іске асырылды. Ағымдағы жылы біз ауыл тұрғындарын қолдауды жалғастырамыз. Бұл жоба ауылдық аумақтарды дамытуға оң үлес қосатынына сенімдімін», — деді Л.Диас.

Өз кезегінде Айгүл Дүйсенова грант алушының алдында тұрған жоба, мақсаттар мен міндеттер туралы айтып берді.

Брифинг барысында 500 мың теңгеден 60 шағын грант бөлу арқылы ауылдық бастамаларды дамыту және ауыл халқының цифрлық, қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы көшбасшыларды анықтау жоспарланып отырғаны айтылды.

Гранттар 5 бағыт бойынша бөлінеді: «ауыл халқының цифрлық сауаттылығы», «ауыл халқының қаржылық сауаттылығы», «білім беру саласында шет тілдерін білу деңгейін арттыру», «денсаулық сақтау саласында шет тілдерін білу деңгейін арттыру», «дене шынықтыру және спорт саласында шет тілдерін білу деңгейін арттыру».

Previous Post

Бас санитариялық дәрігер карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады

Next Post

"Магазинам у дома" не нужно выписывать сопроводительные накладные на товары - КГД

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі