13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысында 12 700 азаматқа екпе егілді

2 апреля, 2021
in Денсаулық
0
Түркістан облысында 12 700 азаматқа екпе егілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 12 700 адамға «Covid-19» індетіне қарсы екпенің 1-компоненті егілді. Бүгінде оның 6 173-і вакцинацияның екінші кезеңінен де өтіп үлгерген. Олардың қатарында медицина және полиция қызметкерлері мен мұғалімдер бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.

Ол өңірімізде соңғы тәулікте 8 адамнан коронавирус індеті анықталғанын айта келе, халықты індетке қарсы екпе салдыруға шақырды.

«Облыс аумағында «Covid-19» індетінің тәуліктік өсімі 0,17 пайыз болып отыр. Жалпы пандемия басталғалы өңірде аталған инфекцияны жұқтырған 4 493 жағдай тіркелді. Осы тұста «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асатынын айтқым келеді. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Дей тұрғанмен, азаматтарға карантиндік талаптарды сақтағаннан бөлек, жұқпалы ауруға қарсы вакцина салдыруды ұсынар едім. Бұл әлемдік тәжірибе екенін баршаңыз білесіздер. Егер осы тәсілді ел болып қолдасақ, жаман ауруды жеңу де оңай болатыны сөзсіз», – деді М.Орынбасарұлы.

Сондай-ақ, басқарма басшысы қазіргі таңда өңірде аурумен күресудің барлық шаралары қолға алынғанын айтты. Жалпы аймақта 23 429 медицина қызметкері болса, оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Вакцина сақтайтын қоймаға көлемі 601 литр болатын 2 мұздатқыш бар. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литрлік 20 мұздатқыш алынған. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пункт толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек, вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литрлік 38 термоконтейнермен толық қамтамасыз етілген.

Өз кезегінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов облыс аумағында карантин режимінің талаптарын сақтамай той жиындар мен түрлі шараларды өткізу тоқтамай отырғанын жеткізді. Жыл басынан бері арнайы мобильді топтардың мониторинг жұмыстары кезінде облыста карантин талаптарына бағынбай жұмыс істеген мекемелерге 1 583 хаттама толтырылған. Нәтижесінде 89 158 105 теңге айыппұл салынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

ОҢАЙ ӘРІ ТЕЗ. Салықтарды ұялы телефонмен төлеңіз

Next Post

Бас санитариялық дәрігер карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі