13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Нұрбек Нышанов: Вакцина-короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы

1 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Нұрбек Нышанов: Вакцина-короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы өңір тұрғындарына  арқаны кеңге салуға болмайтындығын  ескертеді.              Түркістан облысы эпидемиологиялық жағдайдың матрицалық бағалау көрсеткіші  бойынша  жасыл аймақтар тізімінде, дегенмен    көрші қалалар мен облыстардағы жағдайлардың  күрделенуіне байланысты  КВИ, және пневмония жұқпалы ауруларына шалдығудан барынша сақтанған жөн. Соңғы екі аптада  өңірде короновирус  36 % , пневмония  54 % өскені байқалады.    Карантиндік талаптарды орындамау, яғни  бетперде тақпау, той-жиындарға,  көпшілік  жиналатын жерлерге  бару, сондай-ақ үй-жағдайларында да  қарапайым талаптарды сақтамау сынды  себептер азаматтардың ауруға шалдығуына әкеліп отыр.                      Жыл басынан бері облыста коронавирустық инфекцияның расталған 818 жағдайы тіркелді. Наурыз айының  30-31 күндері  КВИ-дің 15 жағдайы тіркелсе,  пневмониямен  28  азамат тіркелді.      Осы уақытқа дейін  облыста Covid-19  коронавирусты инфекциядан 4493 жағдай расталды.  Жыл басынан бері 625 пневмония аурушаңдығы  тіркелді. Тұрғындар арасында  отбасылық, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру толастамай тұр. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап, тыйым салынған  192 мерекелік іс-шаралар  ұйымдастырылғаны белгілі болды. Түркістан облысының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері  Нұрбек Нышанов короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы  вакцина екендігін мәлімдейді.
Сондықтан  өңір халқын  өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, вакцина салдырудан қорықпау   қажеттігін айтады.  Естеріңізге салып өтейік, Түркістан облысында  қазіргі таңда 12700 азамат өз еріктерімен  covid-19-ға  қарсы екпе қабылдады.  Сәуір айында өңірге 10700 дозасы келеді деп күтілуде.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Previous Post

Түркістан : 300-ге жуық газбен жабдықтау нысандары республикалық меншікке беріледі

Next Post

ОҢАЙ ӘРІ ТЕЗ. Салықтарды ұялы телефонмен төлеңіз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі