13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Түркістан: Көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары бақылауда

1 апреля, 2021
in Билік
0
Түркістан: Көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында нөсерлі жауын-шашын әсерінен бір тәулікте Боралдай, Арыс, Бөген өзендерінде су деңгейі 25-30 сантиметрге дейін көтерілген. Дегенмен, елді мекендерде су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлері құзырлы мекемелердің мамандарымен таулы аумақтардағы қар қорының жағдайына аэровизуалды бағалау жұмыстарын жүргізген. Мамандар қар мөлшері аз болуына байланысты су тасқынына қауіп жоқтығын айтады.

— «Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сәйкес, Түркістан облысы аумағында осы аптада жауын-шашынды ауа райы сақталатын болады. Келесі айдағы болжам 2 сәуірден бастап қосымша ұсынылады. Негізінен облыс аумағында 39 гидробекет орналасқан. Егер де табиғи апат орын алып, эвакуацияның басталуы туралы сигнал алған кезде азаматтар тиісті құжаттарды, дәрі-дәрмектер мен маусым бойынша киім-кешек алуға дайын болған жөн, — деді Ерік Темірханұлы.

Облыстағы су тасу қаупі бар өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізілуі төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Бүгінгі таңда аймақтағы су қоймалардағы судың жиналуы 60-65 пайызды құраған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзсу тасқынытөтенше жағдай
Previous Post

Түркістанда «Президент Назарбаев» қызғалдағы өсірілуде

Next Post

Түркістан : 300-ге жуық газбен жабдықтау нысандары республикалық меншікке беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі