13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Ө.Шөкеев: Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтаймыз

1 апреля, 2021
in Экономика
0
Ө.Шөкеев: Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтаймыз
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады. Биыл егіс көлемін 843,4 мың гектарға орналастыру межеленіп отыр. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі 5,3 мың гектарға артып, 125,5 мың гектарға жетті. Майлы дақылдар 9,2 мың гектарға артып, 92,7 мың гектар, мал азықтық  дақылдар 2,9 мың гектарға артып, 215,6 мың гектарға орналастырылады.

«Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бар. Биылғы жылдың өнімі үшін егілген 177,6 мың гектар күздік бидайдың жағдайы жақсы, үстеп қоректендіру жұмыстары басталды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар 21,4 мың дана ауыл шаруашылығы техникаларының 92%-ы дайын. Бүгінгі күнге, жоспарланған жаздық егістіктің

(506,0 мың га.) 59,3 мың гектары егілді немесе 12%-ға орындалды. Агроқұрылымдар жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген»,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанармай бөлінді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы тарапынан несиелендіруге 4,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, оның 3 млрд. теңгесіне өтінім түсіп, мақұлданды. Бұдан бөлек, өсімдік шаруашылығын қолдауға 7,4 млрд. теңге бағытталып отыр. Былтыр «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 2 мыңдай жоба жүзеге асырылып,  262 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Нәтижесінде қосымша  18,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Осы жобаның тиімділігіне  орай, ағымдағы жылы 6 мың гектарға 2 760 жобаны жүзеге асыру басталды.

«Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасы қолға алынды. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 1 млн. теңгеден табыс тапты. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 300 жоба жүзеге асыру жоспарлануда.

Облыста жылыжайлар көлемін 1 400 гектарға ұлғайту көзделуде»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығы кеңінен дамып, көлемі 3 мың гектардан асты. Бір мың гектардан асатын алқапқа қосымша отырғызылмақ. Су үнемдеу технологиялары 24,1 мың гектарға ендіріліп, 10,2 мың гектарға ендіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру» жобасы аясында  11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделіп отыр. Қазіргі таңда азық — түлік  белдеуінде 1,6 мың гектарға

33 жаңбырлатып суғару машиналары орнатылып екі өнім алынуда. Тәжірибе технологияның тиімділігін көрсетті. Дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-3 есеге артты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзкөктемгі дала жұмыстарыТүркістан облысыӨ.Шөкеев
Previous Post

Түркістан облысындағы мектептер IV тоқсанда оқытудың аралас форматына көшеді

Next Post

Түркістанда «Президент Назарбаев» қызғалдағы өсірілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі