«Әділет» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Болашақ» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Кездесу барысында Жолдауда айқындалған ел дамуының негізгі бағыттары мен басым міндеттері кеңінен сөз болды. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті өркендету, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиынға қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, оларды жүзеге асыруда әрбір азаматтың, соның ішінде бастауыш партия ұйымдарының рөлі зор екенін жеткізді.
Сонымен қатар, қатысушылар өзара пікір алмасып, ел болашағына қатысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.
Осындай кездесулер Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді халық арасында кеңінен түсіндіруге, азаматтық белсенділікті арттыруға және партиялық жұмыстардың тиімділігін күшейтуге бағытталған.




