Баннер
13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Абу-Дабидегі додада жеңіске жеткен кентаулық Жанар

25 ноября, 2026
in Жаңалықтар
0
Абу-Дабидегі додада жеңіске жеткен кентаулық Жанар
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық додада жеңіске жеткен кентаулық Серік Жанар Советқызы қазіргі таңда Кентау қаласындағы көпсалалы колледжде «Кескіндеме және сәндік жұмыс» мамандығы бойынша бейнелеу пәнінен сабақ береді. Жас маман шәкірт тәрбиелеуге дейін бірнеше халықаралық додалардан жетіскке жетіп, еліміздің байрағын асқақтатып жүрген жас маман.

Жанардың суретке, жалпы бейнелеу өнеріне деген құштарлығы атасынан дарыған дарын деп біледі. Алдымен өзінің туған қаласындағы мектепте, кейін колледжде оқып жүріп сурет салудың қыр-сырын меңгеріп, сонымен қатар кескіндеме және сәндік өнерге ден қоя бастады. Жанар колледждің бірінші курсында жүргенде құрбыларымен бірге республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, бағын сынап жүрді. Екінші курста «WorldSkills» сайысына қабылданып, оған дайындалу барысында облыстық деңгейдегі жарыстан 1-орынды иеленеді. 2024 жылы Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионатында «Сырлау және әрлеу жұмыстары» бағытындағы байқауда 1-орын жүлдегері атанды.

Республикалық жарыстарда көзге түсіп жүрген Жанар, халықаралық жарыстарға қатысуға деген құлшынысы ояна бастады. 2025 жылдың мамыр айында Жанар Серік, «EmiratesSkills» халықаралық чемпионатына қатысуға бел буады. Үлкен дода Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өтті. Онда Жанар «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» номинациясы бойынша 82,67 ұпай жинап, 11 қатысушының арасынан 1- орынға ие болады. Абу-Дабиден жеңіспен оралған Жанар көп ұзамай республикалық чемпионаттан 1-орынды жеңіп, Еуропадағы Дания мемлекетіне жолдама алады. Кескіндеме бойынша сурет өнерімен танылған Жанар «Herning 2025» сайысында топ 5-ке кіріп, тағы да қанжығасы майланып  елге оралады.

Бүгінде Жанардың бейнелеу өнеріне деген ынтасы артып, дамылсыз еңбектің арқасында әлі де биік жетістіктерге жететініне сенімді.  Жанар ұстаз колледж студенттеріне ұстаздық етіп қана қоймай, ауқымды мемлекеттік жарыстарға дайындауда. Ол тәрбиелеген дарынды кентаулық жастар облыстық және республикалық байқауларда жүлделі болуда. Мәселен, 2026 жылдың басында Венгрияда ұйымдастырылған байқауда шәкірттері топ жарып 3-орын алып, қола иегер атанады.

Жанардың алға қойған мақсаты алдағы күндері осы кескіндеме өнері бойынша әлемде «Бұл Қазақстан ғой!», «Қазақстандық суретшілердің картинасы ғой!» деп бірден танитын керемет өнер туындыларын дүниеге әкелу.  Ол өз шығармалары арқылы қазақ даласының табиғатын, ұлттық болмысын, тарихы мен рухын әлемдік өнер кеңістігіне танытуды армандайды. Оның әрбір туындысы Қазақстанның көркем бейнесін айшықтап, ұлттық өнеріміздің өзіндік үнін жаһанға жеткізсе деген үлкен мақсаты бар.

Қуаныш Жұмахан,

Кентау-Шымкент

Previous Post

Защита права собственности: необходимость чёткого баланса интересов собственника и добросовестного приобретателя

Next Post

«Халықтық құрылыс» – ел экономикасын дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check