«Әділет» партиясы Тұран аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен ел дамуының алдағы кезеңіне арналған басым міндеттері кеңінен талқыланды.
Кездесуде еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бағыттары сөз болды.
Қатысушылар Жолдауда айқындалған міндеттерді жүзеге асыруда жүйелі жұмыстың, нақты жоспар мен ортақ жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, халықтың сұранысы мен ұсыныстарын ескеру, тұрғындармен тұрақты байланыс орнату және қоғамды толғандырған өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысу қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының қоғамдық-саяси өмірдегі орны мен рөліне ерекше назар аударылды. Партия мүшелерінің белсенділігі, азаматтық ұстанымы және елдік бастамаларды қолдауы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің маңызды тетігі екені айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиынға қатысушылар ел болашағы жолындағы маңызды міндеттерді жүзеге асыруда бірлік пен ынтымақтастықтың, ортақ іске деген жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Ел дамуы – әр азаматтың ортақ ісі. Алға қойылған мақсаттарға бірлесе күш жұмылдыру арқылы ғана қол жеткізуге болады




