13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістандық 13 оқушы «Елбасы медалімен» марапатталды

1 апреля, 2021
in Білім
0
Түркістандық 13 оқушы «Елбасы медалімен» марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы білім ошақтарының оқушылары «Елбасы медалімен» марапатталды. Жобаға 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы тартылды. Жоба аясында қатысушылар спорттағы дайындығын жетілдірді, ұлттық мұраны зерттеді, әлемдік және қазақ әдебиетінің шығармаларымен танысып, еңбек практикасынан өтті. Сондай-ақ, елдің әр түкпіріне барып, Қазақстан тарихына үңілді және волонтерлік қызметте де белсенділік танытты. Алты ай бойы өздерінің табандылығын танытып, шығармашылығын шыңдаған, жан-жақты ізденген жеңімпаз шәкірттер нәтижесін көрсетіп, оқ бойы оза шапты. Олардың қатарында Некрасов атындағы №9, Ататүрік атындағы №17, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназияларының, Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінің, Ж.Жабаев атындағы №11, Б.Момышұлы атындағы №22, Н.Төреқұлов атындағы №8 және Ә.Науаи атындағы №13 жалпы орта мектептерінің оқушылары бар.

Қала әкімі Рашид Аюпов Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры іске асырған «Ел үміті» жобасының жеңімпаздарын медаль, төсбелгі және алғыс хатпен марапаттады.

Айтулы жоба өткен жылдың шілде айында даму бағдарламасын көздеген 7 бағыт бойынша бастау алған еді. Олар спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, саяхат пен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Қатысушылар үш деңгейді таңдады: қола, күміс немесе алтын. Олар 6 айдан 18 айға дейін әр бағыт бойынша белгілі бір қызметті орындауды көздеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзбілімЕлбасы медаліоқушыларТүркістан облысы
Previous Post

Ел чемпионатында түркістандық балуандар көш бастады

Next Post

Түркістан облысындағы мектептер IV тоқсанда оқытудың аралас форматына көшеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі