13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КӨКСАЙДАҒЫ ТАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЖАҢА ПӘТЕРДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

23 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
КӨКСАЙДАҒЫ ТАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЖАҢА ПӘТЕРДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Нұрлыбаев көшесі, №22 тозығы жеткен үйде тұрған 7 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды. Қоныс аудару Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасының бір кезеңі саналатын реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, тұжырымдама іске асырыла бастағаннан бүгінге дейін 135 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Пәтерлер Shymkent City және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен беріліп отыр.

Жаңа пәтерлер толық әрленген және қоныстануға дайын. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету кезінде бұрынғы пәтерлерінің ауданы мен бөлме саны ескеріледі.

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шаһар басшысы отбасыларды маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа қоныстарында амандық, отбасылық береке мен жылулық тіледі.

Еске салайық, Көксай аумағын жаңарту тұжырымдамасы баспана қорын кезең-кезеңімен жаңартуды ғана емес, инженерлік инфрақұрылымды дамытуды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды да көздейді. Тұрғындарды көшіру – аумақты жаңарту мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы өзгерістердің маңызды бөлігі.

Қалада тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары реновациямен ғана шектелмейді. Әлеуметтік және несиелік тұрғын үй құрылысы да жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы Шымкентте 1 миллион 381 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш қаланың құрылыс саласындағы әлеуетінің артып, тұрғын үй нарығының белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар Тұран, Бозарық және Ақжайық шағынаудандарында жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізіліп, баспана кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамтуға басымдық берілуде.

Шымкентте тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2026 жылы баспана кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып, жыл соңына дейін қосымша 4 521 азаматты жалдамалы және несиелік пәтерлермен қамту жоспарланған. Бұл – әлеуметтік қолдау шараларының ауқымы кеңейіп, тұрғындардың баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі артып келе жатқанының көрінісі.

Тұрғын үй мәселесінің шешілуі тек жеке отбасының тұрмыс жағдайын жақсартумен шектелмейді. Ол халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына, отбасы бюджетінің тиімді жоспарлануына және болашаққа деген сенімнің нығаюына тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар жаңа тұрғын үй кешендерінің бой көтеруі құрылыс саласының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің жандануына серпін береді. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкентте жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй құрылысы, реновация және әлеуметтік қолдау шаралары қаланың экономикалық әлеуетін арттырумен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ОТМЕТИЛИ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ

Next Post

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі