13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

23 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында Қазақстанның ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен еңбек ұжымдарының мүшелері қатысты.
Қала әкімі көпшілікті Республика күнімен құттықтап, кәсіби қызметінде ерекшеленген, елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады.
Мегаполис басшысы мерекенің тарихи маңызына тоқталып өтті. 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызды кезең болып, еліміздің Тәуелсіздікке қарай жасаған қадамдарына жол ашты.
«Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Егемендік пен елдіктің негіздерін сақтау және нығайту – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз», – деді Ғабит Сыздықбеков.
Қала әкімі, сонымен қоса, елімізде жалпы ұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституция негізінде саяси және қоғамдық жаңару үдерістері жалғасып жатқанын атап өтті. Ата заң мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға негіз болды.
Шымкенттің дамуы туралы сөз қозғаған қала әкімі мегаполистің жетістіктеріне тұрғындардың қосып отырған үлесінің маңызын атап өтті. Бүгінде қаланың экономикалық әлеуеті артып, инвестициялар жұмылдыруда, инфрақұрылымды жетілдіріп, білім, мәдениет және спорт салаларындағы мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Бұл бағыттар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Салтанатты іс-шара «Бүгінгі Қазақстан» атты музыкалық-театрландырылған қойылыммен жалғасып, мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Республика күніне арналған мерекелік шаралар 25 қазанда да жалғасын тапты. Атап айтқанда, «Шымсити» саябағында биіктігі 100 метрлік ту тұғырына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қоғам өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Мемлекеттік Әнұран орындалып, көк байрақтың көкке көтерілуі жиналған қауымға ерекше рух пен патриоттық сезім сыйлады. Бұл рәсім ел тәуелсіздігінің, халық бірлігінің және ортақ құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Сонымен қатар, мереке аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шымкент қаласының әкімдігі мәліметінше, Республика күніне орай қалада 40-тан астам мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шара өткізілді. «Астана» алаңында өткен гала-концертте Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Мәдина Сәдуақасова, Дастан Оразбеков және басқа да отандық өнерпаздар өнер көрсетті. Мерекелік бағдарламаның соңы отшашумен аяқталды.

Осылайша, Шымкентте Республика күні кең көлемде аталып өтіп, қала тұрғындары үшін маңызды әрі мазмұнды мерекеге айналды.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТ РАСШИРЯЕТ СОТРУДНИЧЕСТВО С ЗАРУБЕЖНЫМИ ИНВЕСТОРАМИ

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ОТМЕТИЛИ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі