13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы жасыл аймақта

29 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы жасыл аймақта
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы вакцинация бойынша көш бастап тұр. Өңірде өз еркімен 13 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Оның ішінде 10 674 медицина қызметкерлері болса, 1276 педагогтар. Ал, 444 полиция қызметкерлері мен 75 басқада санаттағы азаматтар. Қазір екінші компонентпен 3264 адам вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 20 емдеу мекемелерінде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 6 адамда COVID-19 індеті расталған. Тәуліктік өсім 0.16% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 574 400 ПТР- сынамалары алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 2758 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 478-і бос.

Аймақта бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4292 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 4445 жағдай тіркелді. Олардың 2849-да ауру симптомсыз өткен болатын.

Облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы, 800-дей дәріхана жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Сот дәрігерлерінің жалақысы 45%-ға артты

Next Post

Жол айрығы құрылысы қала әкімінің бақылауында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі