13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

15 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметін пайдаланушылар саны артып келеді. 2026 жылдың тоғыз айында осы қызмет арқылы 160 мың жүргізуші куәлігі ауыстырылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 19,5%-ға жоғары. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 134 мың жүргізуші куәлігі ауыстырылған.
Жүргізуші куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін құжатты ауыстыру қажет. Бұдан бөлек, жеке деректер өзгерген немесе жүргізуші куәлігі пайдалануға жарамсыз болған жағдайда да оны жаңарту керек.
Жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтінімді цифрлық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн рәсімдеуге болады. Жарамдылық мерзімі аяқталған куәлікті ауыстыру үшін 073-нысанындағы медициналық анықтама талап етіледі.
Дайын жүргізуші куәлігін өтінімде көрсетілген мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Ол үшін ескі нұсқадағы жүргізуші куәлігін және 5 406,25 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын түбіртекті ұсыну қажет.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-ға тікелей барып ауыстыруға да болады. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында үш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Previous Post

5 мыңға жуық жас азамат, 1800 шақырым жол: «Əділет» жастары «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасын бастады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі