13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Павлодар облысы «Сарбаз жолы» жаңа армиялық дәстүрін қолдады

22 сентября, 2026
in Жаңалықтар
0
Павлодар облысы «Сарбаз жолы» жаңа армиялық дәстүрін қолдады
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодар қаласының Мемлекеттік рәміздер алаңында Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы қатарына шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Жас азаматтарды әскер қатарына шығарып салып, ізгі тілектерін айтуға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков келді.

Павлодар облысы – «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан «Сарбаз жолы» дәстүрін қолдаған үшінші өңір.

Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері, әскери-техникалық мектептің курсанттары, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.

Өңір басшысы Асайын Байханов жастарға ақжолтай тілегін білдірді. Ол әскери қызметтің тұлға қалыптастырудағы, жауапкершілік, тәртіп пен азаматтық қасиеттерді тәрбиелеудегі маңызын атап өтіп, әскерге шақырылушыларға әскери борышын абыроймен өтеуді тіледі.

«Сарбаз жолы» дәстүрін қолдау нақты іспен де көрініс тапты. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының Қорғаныс істері басқармасына қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті. Жаңа көлік басқарманың күнделікті жұмысын жүргізуге, әскери-патриоттық тәрбие беру және жастарды әскери қызметке шақыру бағытындағы міндеттерді орындауға елеулі көмек көрсетеді.

Өз кезегінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков облыс әкіміне «Сарбаз жолы» жобасын іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, облыс әкімдігімен өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – әскери қызметін аяқтаған жастарды өңірдегі ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Сонымен қатар ол әскерде әскери қызметшілерге қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. Әскери қызметшілерді тұрмыстық қамтамасыз етуге, тамақтандыруға, медициналық қызмет көрсетуге, қауіпсіздікке және ата-аналарымен тұрақты байланысын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

– Павлодар – еңбекқор әрі мақсатшыл адамдардың өлкесі. Сіздер де білімді, тәртіпті, мықты әрі еліне пайдасы тиетін азамат болуға ұмтылыңыздар. Осы тұрғыдан алғанда, армия сіздер үшін өмірдің, тәртіп пен жауапкершіліктің мектебіне айналады, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары жас сарбаздарға арнап сөйлеген сөзінде.

Іс-шара барысында ардагерлер, қоғам өкілдері мен ата-аналар да жас сарбаздарға жылы лебіздерін білдіріп, әскери қызметтен аман-есен оралуларын тіледі.

Іс-шара жас ұрпақты тәрбиелеуде мемлекет, қоғам және отбасының бірлескен жұмысының маңызды үлгісіне айналды. Сонымен қатар жастардың ел алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңызын айқын көрсетті.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҮЙЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ: ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨСУІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі