13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді

14 сентября, 2026
in Uncategorized
0
Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкенттік ата-аналар арасында туу туралы куәлікті онлайн рәсімдеу кеңінен қолданылуда. 2026 жылдың 8 айында қалада 17 мыңнан астам туу туралы куәлік берілсе, оның 15 мыңы цифрлық форматта рәсімделген. Ал шамамен 2 мың куәлік дәстүрлі жолмен алынған.

Баланың дүниеге келуі – ресми түрде құжаттандыруды талап ететін маңызды оқиғалардың бірі. Туу туралы куәлікті тек ХҚКО – ларда ғана емес, сонымен қатар проактивті форматта-SMS арқылы, электрондық үкімет порталы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ресімдеуге болады.

Бала шетелде дүниеге келген жағдайда, ата-аналар Қазақстан Республикасының елшілігіне немесе консулдығына жүгіну арқылы Қазақстан аумағында белгіленген тәртіппен баланың туу туралы күәлігін тіркей алады.

Тууды тіркеу үшін шет мемлекеттің құзыретті органынан берілген баланың туу фактісін растайтын құжатты ұсыну қажет. Құжат берілген елге байланысты, кейбір жағдайларда оған апостиль қою және қазақ немесе орыс тілдеріне аудару талап етілуі мүмкін.
Шетелдік құжат негізінде баланың тууын тіркеу үшін ата-аналар бала туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей ХҚКО-ға өтініш беруі қажет. Туу тіркелгеннен кейін ата-аналар балаға қажетті құжаттарды және тиісті мемлекеттік жәрдемақыларды рәсімдей алады.

Previous Post

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайып келеді

Next Post

Шымкентте тұрғындардың ұсыныстары негізінде өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі